14 сәуір 2015 | 14:40

Қарағанды облысында мас жігіт Нұра өзеніне батып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Time65.ru @Time65.ru

Ішімдік ішіп алған қарағандылық жігіт тасып жатқан Нұра өзеніне секіріп,  батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божкоға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ішімдік ішіп алған қарағандылық жігіт тасып жатқан Нұра өзеніне секіріп,  батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божкоға сілтеме жасап.

"Қарағанды облысының ауылдарының бірінде жас жігіт шешініп, артынша тасып жатқан Нұра өзеніне секіріп, батып кетті. Оның қазір психдиспансерде тіркеуде бар-жоқтығы тексеріліп жатыр. Ол - құрбан болған жалғыз адам", - деді Божко журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, көптеген тұрғындар үйлерін тастап кетуге қимайды. "Біз олардан үйлерінен кетпейтіндігі жөнінде жазбаша қолхат алуға мәжбүрміз. Қызметкелер үйлердің айналасын бақылап жүр, тонау немесе ұрлыққа қатысты қылмыстарды болдырмайды", - деді ол.

Владимир Божко баспасөз отырысында Қазақстанда болып жатқан су тасқындары туралы да айтып кетті. "Біз қолымыздан келгенін жасап жатырмыз. Дегенмен, Ұлытау ауданындағы 3 километрге дейін жайылған биіктігі бір метр тасқынды ұстап қалу мүмкін емес", - деді вице-министр.

Осыған байланысты ол су тасыған аймақтарға инженерлік жабдықтардың қажеттігін айтты. "Осы жылы да біз жылдағыдай су арналарын бітедік, дегенмен инжеренлік жұмыстарды жүргізуге бір жерлерде кешіккен шығармыз. Бұл жұмыстар өте қымбат тұрады. Аудан әкімдеріне берілген аз бюджеттен мұндай күрделі инженерлік құрылыстарды жүргізу оңай емес. Біз үнемі болған жағдайдың себебін анықтап, қажетті жұмыстарды жүргіземіз. Ең бастысы, адам шығыны болған жоқ. Малдарыдың да көбін құтқарып қалдық", - деді ол.

Уәкілтті органдардың хабарлауынша, 50 елді мекен су астында қалған. Акмола, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының 17 ауданынан 1149 үй көшірілді. Нұра өзені бойында орналасқан Ақмола облысындағы он ауыл мен Астананың шетіндегі елді мекендерді су басу қаупі әлі де бар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети