03 қазан 2017 | 14:29

Қарағанды облысында мектеп ғимараты ішінара опырылды: 1 адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© emer.gov.kz © emer.gov.kz

Қарағанды облысындағы ауылдық мектептердің бірінің плитасы опырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысындағы ауылдық мектептердің бірінің плитасы опырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай Қарағанды облысы Нұрын ауданы Балықтыкөл ауылында болған. Төтенше жағдайдың салдарынан екі қабатты мектептің ғимаратының бір бөлігі опырылып кетіп, бір адам зардап шеккен. Бұл жағдай туралы хабарлама ТЖД кезекші бөлімінің пультіне 3 қазанда таңғы уақытт келген. Төтенше жағдайдың жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде болғаны анықталды.

"3 қазанда сағат 09.40-та Нұрын ауданы Балықтыкөл ауылындағы мектеп ғимаратының конструкциясы опырылғаны жайлы хабарлама келіп түсті. Бір адам зардап шекті, жұмысшы", - деді Қарағанды облыстық ТЖД ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Хабарламадан кейін жедел-құтқару жасағының мамандар оқиға орнына барды. Сондай-ақ, "Көмір" апат-құтқару қызметкерлері де оқиға орнында жұмыс істеді.

"Қарағанды мен Балықтыкөл арақашықтығы 140 шақырымнан асады. Жергілікті атқару органдары мен құрылысшылардың күшімен үйінді астынан жұмысшы шығарылып, Шахтинсктегі ауруханаға жеткізілді", - деді Дәуренбекова.

Облыстық білім басқармасындағылар төтенше жағдай болған кезде мектепте балалардың болмағанын айтады.

"Балықтыкөл ауылындағы мектепте жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанда оқушылар болған жоқ. Балалар басқа ғимаратта оқып жатыр. Сондықтан төтенше жағдай кезінде балалар зардап шеккен жоқ", - деді облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети