Қайғылы оқиға Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласында № 7 мектептің тоғызыншы сынып түлектеріне аттестат тапсыру рәсімінде болған, - деп хабарлайды жергілікті "Наша Ярмарка" басылымы.
Қайғылы оқиға Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласында № 7 мектептің тоғызыншы сынып түлектеріне аттестат тапсыру рәсімінде болған, - деп хабарлайды жергілікті "Наша Ярмарка" басылымы.
Іс-шара 15 мауысмда таңғы уақытта басталған. Марапаттар тапсырылып, құттықтаулар айтылып жатты, ата-аналар мен оқытушылар тілек білдіріп жатты. "Ата-аналардың ішіндегі ең белсенді 39 жастағы Татьяна ата-аналардың атынан педагогтарға алғысын айтып жатқан сәтте ешкім күтпеген оқиға болды. Әйел жарты сөзінде тоқтап қалып, бір-екі рет көзін қақты да, бетпен түсіп құлады. Сахнада тұрған педагогтар мен ата-аналар көмектесті, бірақ әйелдің беті көгеріп кетті, жүрек қағысы тоқтап қалды", - деп жазады басылым. Жедел жәрдем тез арада келіпті, алайда дәрігерлер оның өлгенін анықтаған.
Түлектердің ата-аналары газет тілшілеріне Татьянаның сыныптағы ең белсенді ата-ана болғанын айтып берді. Сол күні оның қызы тоғызыншы сыныпты тәмамдап жатыпты. Бұған дейін оның үлкен ұлы осы мектепте оқыпты.
Басылымның мәліметінше, Татьяна өз келбетіне көңілі толмайтын адам болыпты. Сондықтан ол таяу уақыттан бері жарнамаланып жүрген арықтататын құрал қабылдап, арнайы тренингтерге барып жүріпті. Жарты жылдың ішінде ол 40 келі салмақ тастапты. Алдын ала диагнозы - жүрек қаны ұйып қалған.