Фото с сайта irk.ru
Қарағанды облысында мұз астында қалып қойған "Нива" автокөлігінің жүргізушісі суға батып кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Қайғылы оқиға ақпанның 4-і күні кешкі сағат 19.30 шамасында Қарағанды облысы Осакаров ауданы Молодежный ауылы маңындағы Сәтбаев атындағы су арнасында орын алған. Онда мұздың жарылып кетуіне байланысты "Нива" автокөлігі мұздың астында қалып қойғандықтан оның 1955 жылы туған жүргізушісі суға батып кеткен. Ал ақпанның 5-і күні 13.00-де Қарағанды облыстық ТЖҚ судан-құтқару қызметкелерінің көмегімен марқұмның мәйіті сыртқа шығарылды", - делінген ҚР ТЖМ таратқан мәліметте. Еске саламыз, ағымдағы жылғы қаңтардың 15-інде Шығыс Қазақстан облысы аумағында орналасқан Алакөл көліндегі мұзда қалып қойған 15 балықшы құтқарылған болатын. Сол күні қатты боран соғып, балықшылар жағаға апарар жолдан адасып кеткен. Алакөл судан құтқару стансасының қызметкерлері балықшыларды дер кезінде құтқарған болатын.
Қарағанды облысында мұз астында қалып қойған "Нива" автокөлігінің жүргізушісі суға батып кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қайғылы оқиға ақпанның 4-і күні кешкі сағат 19.30 шамасында Қарағанды облысы Осакаров ауданы Молодежный ауылы маңындағы Сәтбаев атындағы су арнасында орын алған. Онда мұздың жарылып кетуіне байланысты "Нива" автокөлігі мұздың астында қалып қойғандықтан оның 1955 жылы туған жүргізушісі суға батып кеткен. Ал ақпанның 5-і күні 13.00-де Қарағанды облыстық ТЖҚ судан-құтқару қызметкелерінің көмегімен марқұмның мәйіті сыртқа шығарылды", - делінген ҚР ТЖМ таратқан мәліметте.
Еске саламыз, ағымдағы жылғы қаңтардың 15-інде Шығыс Қазақстан облысы аумағында орналасқан Алакөл көліндегі мұзда қалып қойған 15 балықшы құтқарылған болатын. Сол күні қатты боран соғып, балықшылар жағаға апарар жолдан адасып кеткен. Алакөл судан құтқару стансасының қызметкерлері балықшыларды дер кезінде құтқарған болатын.