Қарағанды облысында өрт болып, мүгедектің көмекшісі қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында өрт болып, мүгедектің көмекшісі қаза болды

Жаңаарқа ауданында өрт болып, салдарынан екі әйел газдан уланды. Олардың бірі көру қабілеті нашар мүгедек, екіншісі оның көмекшісі. Әлеуметтік қызметкер ауруханада қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңаарқа ауданында өрт болып, салдарынан екі әйел газдан уланды. Олардың бірі көру қабілеті нашар мүгедек, екіншісі оның көмекшісі. Әлеуметтік қызметкер ауруханада қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

25 маусымда кешке Жаңаарқа ауданы Жаңаарқа кентінде үш қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында үш бөлмелі пәтерден өрт шықты. Өрт сөндіру қызметін куәгерлер 19.22-де шақырған. Олар келген бойда жанып жатқан пәтерден баспалдақпен төрт адамды, оның ішінде үш баланы шығарды.

Қою түтіннің салдарынан құтқарушылар барлық тұрғынды эвакуациялауға мәжбүр болды. Үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінде олар есінен танған екі әйелді тапты. Оларға иіс тиген.

"Олардың бірі көру қабілеті нашар мүгедек, ал екіншісі - көмекшісі. Олар медициналық мекемеге жеткізілді. Ауруханада көмекші қаза болды, ал оның қамқорлығындағы әйелдің жағдайы ауыр", - деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Қаза болған әйел 52 жаста еді. Екінші зардап шеккен мүгедек 1961 жылғы.

"Өрт 20.11-де сөндірілді. Оның шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында Қарағанды облысы ТЖД сынақ зертханасының мамандары жұмыс істеп жатыр", - деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети