29 желтоқсан 2015 | 14:57

Қарағанды облысында ірі жол апаты болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда боран соғып, желдің күшеюі салдарынан бүгін таңнан бері екі көшеде қозғалыс тоқтап қалды - Лобода мен Бейбітшілік гүлзары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда боран соғып, желдің күшеюі салдарынан бүгін таңнан бері екі көшеде қозғалыс тоқтап қалды - Лобода мен Бейбітшілік гүлзары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаланың орталығында жарықтың жоқтығынан бағдаршамдар істен шықты, жүргізушілерге болса тым баяу жүруге тура келді. Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Күдериновтың айтуынша, жол полицейлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Тасжолдар жабылған, қаланың барлық ұйымы телефонограммалар арқылы дауылға байланысты ескерту жасау үстінде. 


© Tengrinews.kz

Қарағанды облысындағы Шахтинск көпірінде көру мүмкіндігінің нашарлауына байланысты ірі жол апаты болды.

Куәгерлер жол апатын видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялауда. Қазіргі уақытта оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Күдериновтың айтуынша, осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

Мұнымен қатар, Қарағанды облысында жол бойында қар құрсауында қалған адамдарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети