Қарағанды облысында ірі жол апаты болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында ірі жол апаты болды

Қарағанды облысындағы Дубовка ауылының маңында бірден алты көлік соқтығысқан. Көліктердің жаппай соқтығысуына жолдың нашар көрінуі себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақ ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдяровқа сілтеме жасап. 

Бірнеше көлік жол шетіне шығып кеткен. Куәгерлердің сөзінше, зардап шеккендер жоқ. 

© nv.kz

Полицейлердің айтуынша, жолдың нашар көрінуі, қатты жел мен бұрқасын ЖКО-ға себеп болған. Қазіргі кезде оқиға орнынан көліктер алынып, жол ашылған. 

"Жүргізушілерді абай болуға шақырамыз. Жолға шығар бұрын ауа райын біліп, дауыл тұрғаны хабарланса, алыс сапарға аттанбауды сұраймыз", - дейді Құдяров.

Еске салайық, Қазақстанның бірден төрт аймағында 9 және 10 ақпанда дауыл болатыны хабарланған еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети