Қарағанды облысында рульге ие бола алмай қалған полицей жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жедел медициналық жәрдем" станциясының диспетчерлеріне сілтеме жасап.
Қарағанды облысында рульге ие бола алмай қалған полицей жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жедел медициналық жәрдем" станциясының диспетчерлеріне сілтеме жасап.
Қарағанды мен Балқаш арасындағы тас жолдың Бекет ата ауылына жақын учаскесінде мамандандырылған күзет қызметі басқармасы полкының взвод полицейі мінген Toyota Carina автокөлігі жол жиегіне ұшып кетті.
"Біздің жазбаларымыз бойынша, зардап шеккен 35 жастағы жүргізуші мамандандырылған күзет қызметі басқармасында жұмыс істейді және оның кіші сержант деген атағы бар. Біздің бригада жүргізушіні Балқаштағы қалалық ауруханаға жеткізді, оның миы шайқалған және көптеген жарақат алған. Ал 45 жастағы жолаушыны құтқару мүмкін болмады. Алған жарақаттарынан ол оқиға орнында қайтыс болды", - деп хабарлады дәрігерлер.
Облыстық ІІД әкімшілік полиция бөлімі мамандарының хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша ҚР ҚК 296-бабында қарастырылған қылмыс белгілерімен ("Жол ережесін бұзып, ауыр салдарға соқтыру") қылмыстық іс қозғалды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысындағы жол апаты кезінде екі полицейдің қаза болғаны хабарланған еді. Жол-көлік оқиғасы 7 желтоқсан күні Бұқар жырау ауданында болды. Ішкі істер департаментінің мәліметінше, жолдың ұзын бұрылысында Бұқар жырау аудандық ІІБ кезекші бөлімінің бастығы Рамазан Ахметов ВАЗ-21102 руліне ие бола алмай қалып, қарсы бағытқа шығып кетеді де, Volkswagen Passat-пен түйіседі. Соққыдан рульдегі полицей мен оның мемлекеттік автоинспекцияның аға инспекторы болып жұмыс істейтін әріптесі Рахат Әдешев оқиға орнында қайтыс болды.