10 тамыз 2018 | 11:17

Қарағанды облысында шешесі мен қызы қаза тапқан жол апаты: Полиция кімнің кінәлі екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында шешесі мен қызы қаза тапқан жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысында шешесі мен қызы қаза тапқан жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жезқазған - Сәтбаев автожолында болған жол апатына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуысотқа дейінгі тергеу") басталды", - деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері алдын ала мәлімет бойынша, жол апатына KIA RIO көлігінің 36 жастағы жүргізушісі кінәлі екенін айтады. Ол қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Land Cruizer Prado жүргізушісімен соғысып қалған. Ол көліктің тізгінінде Жезқазғанның 36 жастағы жүргізушісі болған. Сондай-ақ, KIA RIO жүргізушісі сол сәтте ВАЗ-210 тізгінін басқарған 74 жастағы зейнеткермен соғысқан. 

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан  KIA RIO көлігінде отырған екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Toyota Land Cruizer Prado жүргізушісі мен KIA RIO жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Осы дерек бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ІІД өкілдері.

Еске сала кетейік, осыған дейін Жезқазған - Сәтбаев автожолында үш көліктің жол апатына ұшырағаны хабарланған болатын. Оқиға күндізгі уақытта болған. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметінің екі бригадасы барған. Куәгерлер жол апатының суреттерін жариялаған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети