Қарағанды облысында сұмдық жол апаты болды: Темір арматура ер адамның аузына кіріп кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында сұмдық жол апаты болды: Темір арматура ер адамның аузына кіріп кеткен

Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасы кезінде ер адамның аузына темір арматура кіріп кеткен. 2 маусымда шамамен сағат 21.00-де Қарағанды-Шахтинск тасжолында арматура тасымалдаған Volkswagen Passat пен жеңіл көлік соқтығысқан. Соңғы аталған көлікте 1994 жылғы жігіт пен оның жүкті әйелі болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Орталық байыту фабрикасына қарай бұрылғанда тіркеме ауып, қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, металл арматуралар шашылған. Темірлердің бірі Passat көлігінің артында келе жатқан автомобильдің беткі терезесін тесіп өтіп, жүргізушінің ауыз қуысына кіріп кеткен.

Ер адам Шахтинск қалалық орталық аураханасына сол күйі жеткізілген. Жүкті әйелі, абырой болғанда, зардап шекпеді. Ал жүргізушінің тістері сынған, бет сүйегі жараланған. Бақытына орай, темір оның миына қарай емес, төменге кеткен. Жәрдем көрсетілгеннен кейін ер адам Қарағандыдағы ауруханаға жеткізілді. Онда арматураны шығару бойынша ота жасалған. Бүгінде ер адамның жағдайы қанағаттанарлық, 4 маусымда ол Қарағандыдағы бет-жақсүйек ауруханасына ауыстырылыпты. 

Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!

"Ал Passat жүргізушісі тіркемесіне арматураны жақсылап бекіткенін айтып отыр. Тіркеменің не себепті аударылғаны, онда салмағы қанша жүк болғаны және жүктің қалай бекітілгенін анықтау бойынша тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады Абай қалалық ІІБ ЖПҚ өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети