31 қаңтар 2017 | 14:38

Қарағанды облысында тағы бір үй опырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында тағы бір үй ішінара опырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысында тағы бір үй ішінара опырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдай қаңтардың 27-не қараған түні Қарағанды маңында орналасқан Ақтас ауылында болған. Ковыльная көшесі, 43-үйде орналасқан екіқабатты көппәтерлі үйдің кіберісіндегі жертөленің қабырғасы опырылған. Салдарынан үйдің тұрғындарына үлкен қауіп төніп тұр.

Төтенше жағдай болған үйдің тұрғындары эвакуацияланды. Олар уақытша жергілікті ХҚКО-ның ғмаратында тұрады. Бірақ олардың көбісі бұл ұсыныстан бас тартып, туыстары мен көршілерінің үйіне барған. Тұрғындардың айтуынша, қазіргі уақытта жертөленің опырылған бөлігі үлкейіп жатыр.

"Мен отбасыммен осы апатты үйдің бірінші қабатында үш бөлмелі пәтерде тұрдым. 26 қаңтарда түнгі уақытта жертөледегі көтергіш қабырға опырылып кетті. Бірақ біз оны бірден байқамадым, тек таңертең әйелім соны көрсетті. Бірақ ол бұрыннан опырылайын деп тұрды. Біз жергілікті әкімдіктегілерге бірнеше рет бардық. Кейін біз төтенше жағдайлар қызметіндегілер мен басқа да ведомстводағыларды шақырттық. Бірақ енді бізді эвакуациялады. Су мен жарық жоқ пәтерде тұра тұруды ұсынды. Әрине, біз бас тарттық. Қазір достарымыздың үйінде тұрып жатырмыз", - деді тұрғын Темірбек Мариза.

Сондай-ақ, ол пәтерден кейбір жиһаздар мен қажетті заттарды алып кеткенін айтты. Темірбек Маризаның айтуынша, пәтерінде жақында ғана жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қабырға жертөледегі судан опырылып отыр. Тұрғындар суды өздері тартып шығарған. Қазір енді олар сарапшылардан тұрғын үйдің жарамдылығы туралы қорытындыны күтіп отыр. Бірақ тұрғындар пәтерлер жарамды деп танылса да, үйлеріне қайтып баруға қорқатындарын айтып отыр.

"Бұл үйде менің үш бөлмелі пәтерім бар. Онда күйеуіммен және екі баламмен тұрдым. Төтенше жағдайдан кейін бізге Қарттар үйінен бөлме ұсынды, бірақ біз бас тарттық. Қазір үлкен ұлымның екі бөлмелі пәтерінде тұрып жатырмыз. Ұлымның отбасымен бірге сегіз адам болып тұрып жатырмыз! Мен күнде әкімдікке барып, пәтер берулерін сұраймын. Бірақ олар тек уәде беріп келеді. Сарапшылардың қорытындысын күту керектігін айтты. Үйді кішкене жөндеген жағдайдың өзінде ол жақта қалай тұрасың? Төтенше жағдай тағы да қайталанып, адамдар қаза табуы мүмкін", - деді тұрғындардың бірі Наталья Пасечук.

Тұрғындардың айтуынша, бұл үй 1954 жылы пайдалануға берілген. Сол кезден бері үйдің жертөлесі бірде-бір рет жөнделмеген. Соңғы кездері жертөлені тіпті су басып кеткен. Жергілікті әкімдіктегілер Tengrinews.kz тілшісіне тұрғындарға заңнама аясында көмек көрсетілетінін айтты. Бірақ ол үшін сарапшылардың үйдің жарамдылығына қатысты қорытындысын керек.

"Тұрғындарға уақытша үй бердік. Кейбіреулері одан бас тартты. Тұрғындармен күнделікті сөйлесіп жатырмыз, оларға не қажет болып жатқанын білеміз. Олар бұл жағдайға түсіністікпен қарады. Көмек жайлы айтатын болсақ, алдымен сарапшылардың қорытындысын күтейік", - деді Ақтас ауылының әкімі Қойшыбай Сүлейменов.

Еске салайық, 1 қаңтарда Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети