Қарағанды облысында жол апатынан 4 адам опат болды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Қарағанды облысында жол апатынан 4 адам опат болды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Балқаш-Алматы бағытында BMW көлігін тізгіндеген 45 жастағы азамат рөлге ие бола, алмай қарсы бетке шығып кеткен.
Жантүршігерлік апаттың салдарын куәгерлер әлеуметтік желіге жариялаған. Алдын ала болжам бойынша жеңіл көлік қарсы бағытта келе жатқан DAF жүк көлігіне барып соғылған. BMW-дағы 4 жолаушы алған жарақаттан тілге келмей оқиға орнында жан тапсырды.
Қаза болғандардың арасында 2 жасар сәби бар. Ал BMW салонындағылардан жалғыз 7 жасар қыз аман қалды. Қазір ауруханада жатыр. Бұл жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.