Қарағанды ​​облысында төтенше жағдай жарияланады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды ​​облысында төтенше жағдай жарияланады Фото: instagram.com/qaragandy_tjd

Қарағанды ​​облысында төтенше жағдай жарияланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды ​​облысында төтенше жағдай жарияланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысының құтқарушылары өткен демалыс күндері өңірде байқалған қолайсыз ауа райы салдарын жоюды жалғастырып жатыр. Ол кезде дауыл соққан болатын. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Ермағанбет Бөлекпаев қала және аудан әкімдеріне апаттан зардап шеккен нысандарды тез арада қалпына келтіруді, төтенше жағдай жариялап, барлығын заң аясында жасауды тапсырды", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

18 қарашада Қарағанды облысы ТЖД мәліметтері бойынша, облыс аумағында желдің секундына 25 метрге дейін күшеюі нәтижесінде сегіз әкімшілік ғимарат, бір көппәтерлі тұрғын үй және бір жеке тұрғын үйден ішінара шатырдың ұшуы және бүлінуі тіркелген.

Облыстың бірнеше ауданында электр жарығы жартылай үзілді. Облыс орталығында ағаштардың құлауы туралы 50-ге жуық, Теміртау қаласында 20-ға жуық хабарлама болса, оның төртеуі ағаштардың көліктердің үстіне құлау дерегі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети