Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ботақара ауылында газ баллоны жарылып, екі адам қаза тапты. Бұл туралы аудан әкімі Абылай Сұлтанғали Instagram-парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ботақара ауылында газ баллоны жарылып, екі адам қаза тапты. Бұл туралы аудан әкімі Абылай Сұлтанғали Instagram-парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Төтенше жағдай 30 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 00:07-де Әуезов көшесіндегі екі қабатты, 12 пәтерлі тұрғын үйде болған.
"Құрметті тұрғындар, өздеріңіз білетіндей, екі қабатты тұрғын үйде газ баллоны атылды. Өкінішке қарай, екі адам қайтыс болды. Қаза тапқандардың отбасыларына және жақындарына қайғыра көңіл айтамын", - деп жазды әкім.
Жарылыстан кейін екінші қабат жартылай опырылған. Ауданы анықталып жатыр. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Төтенше жағдайды жоюға 45 адам мен 13 техника жұмылдырылған.
Фото: instagram/ablaisultangali
Жергілікті жерде жедел штаб ашылған. Зардап шеккен тұрғындарға көмек ұсынылып, уақытша орналастырылды. Қазіргі уақытта үйінді астынан алты адам шығарылып, Ботақара ауылының Орталық ауруханасына жатқызылған.
"Біз қазір оқиғаны реттеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз. Жағдай облыс әкімінің бақылауында. Қарағанды облысының ТЖ департаментінде 8(7212) 51-72-23 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді", - делінген жазбада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!