13 сәуір 2015 | 17:38

Қарағанды облысындағы су тасқыны: Еріктілер зардап шеккендерге киім мен азық-түлік жинап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Қарағанды облысындағы су тасқыны еріктілерді төтенше жағдайдан зардап шеккендер үшін киім мен азық-түлік жинауға мәжбүр етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысындағы су тасқыны еріктілерді төтенше жағдайдан зардап шеккендер үшін киім мен азық-түлік жинауға мәжбүр етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ВКонтакте" әлеуметтік желісінде Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуші топ құрылды. Еріктілер киім, көрпе, төсек-орын тысы мен ең қажетті азық-түлікті жинап эвакуацияланған тұрғындарға жеткізеді. Абай ауданындағы су тасқыны әлі де толастаған жоқ. Долинка, Көксу, Юбилейное, Ильич жолы, Зеленые ключи ауылы мен бірқатар елді мекеннің тұрғындары қонақ үйлерге, жатақханаларға немесе туыстарының үйлеріне орналастырылды. Эвакуацияланған адамдардың саны 2 мыңға жетіп қалды.

Еске сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, Қарағанды облысында 35 ауылды су басты. Облыста барлығы 35 ауылда 1760 үйді су басқан. 340 үй жануары өлді. Сонымен қатар, Сарытөбе ауылын да су басу қаупі бар. Ауылдағы 350 тұрғын көрші Көкпекті елді мекеніндегі мектеп ғимаратына локомативпен көшіріліп жатыр. Қарқаралы ауданындағы Ынталы ауылында еріген қар суынан 148 үй мен 150 сарай су астында қалған. 718 адам эвакуацияланды. Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облысынан шұғыл-құтқару отрядтары көмекке келген. Айта кетейік, осыған дейін Қарағанды облысында су тасқыны салдарынан 4 мыңнан аса тұрғын эвакуацияланған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети