Қарағанды ​​облысындағы тасжолда жүк көліктері жантүршігерлік жол апатына ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды ​​облысындағы тасжолда жүк көліктері жантүршігерлік жол апатына ұшырады Instagram / @5kanal.kz

Қарағанды ​​облысында тасжолда жүк көліктерінің соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды ​​облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды ​​облысында тасжолда жүк көліктерінің соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды ​​облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

10 маусымда сағат 09:59 шамасында Алматы-Екатеринбург тасжолының 655-шақырымында екі MAN жүк көлігі жол-көлік оқиғасына ұшырады.

"Жол апаты салдарынан жүк көлігінің бірінің 20 жастағы жүргізушісі мен оның 31 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Екінші көліктің жүргізушісі мен бірінші жүк көлігінің үш жолаушысы (барлығы ересектер) медициналық мекемеге жеткізілді", - деп хабарлады ведомство.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Желіде жүк көліктерінің бірінде балалар болғаны туралы ақпарат тарады. Ведомство "көліктердің бірінде жаттықтырушы мен балалардың болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды" деп мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети