Қарағанды облысының өзендерінде су деңгейі көтерілді, - деп хабарлайды "Хабар24" телеарнасы.
Қарағанды облысының өзендерінде су деңгейі көтерілді, - деп хабарлайды "Хабар24" телеарнасы.
Телеарнаның мәліметінше, қазіргі уақытта Қарағанды маңындағы Федоров су қоймасы толып кетпес үшін алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұл маңда саяжайлар орналасқандықтан мамандар тұрғындарды сақ болуға шақырып жатыр.
"Ол елді мекенде темір жол бойында 5 үй бар. Олар су арнасына жақын. Бес үйдің үшеуінде адамдар тұрмайды. Жергілікті атқару билігінен сондай мәлімет алдық. Қазір ол жерде алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады облыстық ТЖД басшысының орынбасары Мұрат Қатпанов.
Бұдан бөлек, Сарысу өзенінде тиісті мөлшердің нормадан асып түскені айтылады. Сондықтан, телеарнадағылардың айтуынша, жағаға жақын орналасқан елді мекендерге де қауіп бар.
Еске салайық, мұның алдында СҚО-да да 92 ауылды су басу қаупі бар екені хабарланған болатын.