8 наурызда күндіз Қарағанды орталығындағы аялдамада төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
8 наурызда күндіз Қарағанды орталығындағы аялдамада төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, мас жолаушылар автобус жүргізушісі мен кондукторға шабуыл жасаған. Оқиғаны телефон камерасына түсіріп, видео Желіде жарияланды. "Мереке құтты болсын арулар! Біздің серілер сіздердің ар-намыстарыңыз үшін күресіп жатыр", - делінген Instagram желісіндегі vkaragande.kz парақшасында жарияланған видеоның сипаттамасында.
Ескерту, видеода бейәдеп сөздер айтылады.
Посмотреть эту публикацию в InstagramС праздником, дамы! Наши доблестные рыцари бьются за вашу честь!
"Бұл 127-ші бағытында ("Шахан - Қарағанды" бағытында жүретін автобус - автор түсіндірмесі) жүретін қоғамдық көлік. Сылқия тойып алған екі ер адам таңғы 10-да автобусқа кірді, кондуктор оларға ескерту жасады. Олар ешбір сөз айтпастан, жұдырық ала жүгірді. Жол-жөнекей өтіп бара жатқандар мен жолаушылар оларды ажыратты. Жүргізуші мен кондуктордың еш кінәсі жоқ", - деді оқиғаның куәгері.
Қазіргі уақытта, полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. "Осы дерекке қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері кінәлі адамдарды анықтап, ұстау үшін қажетті шаралар жүргізіп жатыр", - делінген облыстық полиция департаментінің өкілдері.