07 мамыр 2015 | 17:35

Қарағанды-Теміртау тас жолында Mercedes жүргізушісі автомобилінде тірідей өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Қарағанды-Теміртау тас жолында Mercedes маркалы автомобиль көпірдің бетон бағанасына соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Нәтижесінде машинада өрт пайда болып, жүргізуші тірідей жанып кетті.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды-Теміртау тас жолында Mercedes маркалы автомобиль көпірдің бетон бағанасына соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Нәтижесінде машинада өрт пайда болып, жүргізуші тірідей жанып кетті.

Жол-көлік оқиғасы 7 мамырда күндізгі уақытта болды. "Мен сол машинаның артында келе жаттым. Кенеттен көліктің көпір бағанасына соғылып, өртене бастағанын көрдім. Көлігімнен шығып жүргізушіге көмектеспек болдым, дегенмен өрт көлік салонын тез шарпып кетті. Автомобиль терезесінен өрт шығып жатты. Мен машинаға жақындай алмадым. Кейін ол жарылды", - деді Қарағанды-Теміртау тас жолындағы көлік апатын көзімен көрген Анатолий Власов.

Куәгер өрт қызметі мен полицияға хабар берген. Құтқарушылар өртті сөндірді. Олар машина салонынан тірідей өртеніп кеткен жүргізушінің денесін алып шықты. Теміртау Ішкі істер басқармасының әкімшілік бөліміндегілер жанып кеткен жүргізушінің кім екені анықталмағанын айтты.

"Mercedes көлігінің тіркелген номерінен машинаның кімге тиесілі екенін анықтаймыз", - деді жол-көлік оқиғасы болған жерде жұмыс істеп жатқан жол-патрульді полиция қызметкерлері. Олар болған оқиғаға байланысты тергеу амалдарының жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. "Қылмыстық іс аясында өрт-техникалық және автотехникалық сараптамалар жүргізіледі. Осы арқылы оқиғаның не себептен болғанын біле аламыз", - деді полицейлер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети