16 қаңтар 2022 09:45

Қарағанды-Теміртау тасжолында 8 көлік соқтығысты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/dorogi_karagandy © instagram/dorogi_karagandy

Қарағанды-Теміртау тасжолында ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 көлік соғысты. Сондай-ақ, қатты жел мен көктайғақ салдарынан екі автобус жол шетіне аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды-Теміртау тасжолында ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 көлік соғысты. Сондай-ақ, қатты жел мен көктайғақ салдарынан екі автобус жол шетіне аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысында сенбіде ауа райы құбылып, сағат 9.00-ден бастап республикалық автожолдардың барлық учаскесі жабылды. Қарағанды-Теміртау тасжолында сегіз көлік соқтығысқан. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қара қала | Теміртау ақпарат (@qara.qala)

Сондай-ақ, Желіде жол шетіне аударылып қалған автобустардың суреті де тарады. Куәгерлер оларды жел "аударып тастады" деп жазған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қара қала | Теміртау ақпарат (@qara.qala)

"Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қарағанды-Теміртау автожолында сегіз көлік соғылды. Автобустар көктайғақ пен қатты жел салдарынан жол шетіне аударылып қалған. Абай қаласы мен Еркін кенті арасында бір жағдай тіркелді. Автобус жол шетіне шығып, содан кейін бір жағына құлаған. Барлық факт тіркелген. Олар бойынша тиісті сараптама тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Қарағанды облысының ТЖД 16 қаңтарда облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында боран, көктайғақ, ал оңтүстік-шығысында тұман болады деп ескертеді. Жел екпіні секундына 25 метрге жетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети