Қарағандыда 15 жастағы қызды ит талап тастаған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: t.me/patriot_patriot Фото: t.me/patriot_patriot

Қарағандыда 15 жастағы қызға ит шабуыл жасады. Куәгерлер жасөспірімді арашалап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда 15 жастағы қызға ит шабуыл жасады. Куәгерлер жасөспірімді арашалап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандының оңтүстік-шығысындағы Степной-4 ықшамауданында 20 шілдеге қараған түні ит қызға шабуыл жасаған. Жәбірленуші үлкен әпкесімен көшеде келе жатқанда қарғыбауы, тұмылдырығы жоқ ит қапқан. Қызды сол маңда жүргендер аман алып қалды. Олар қыздың айғайын естіп, көмекке келген. Оқиға туралы жәбірленушінің отбасы әлеуметтік желіде жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от #караганда#блог (@eto_karaganda_detka)

"Оқиға Степной-4 ықшамауданындағы №5 мектеп маңында болды. Үйге келе жатқанымызда кенеттен қарғыбауы, тұмылдырығы жоқ үлкен ит атып шықты. Ол бірден сіңіліме жабысып, оның қолын, аяғын, ішін тістеп, жарақаттады. Куәгерлер айғайға жүгіріп келіп, оны таяқпен ұрып-соғып, бұрыш спрейін шаша бастады, содан кейін ит сіңлімді жіберді. Жолдан көлік тоқтатып, жеткізіп тастауын сұрадық, 400 метрдей жерде тұрамыз. Жедел жәрдем, полиция шақырдық, олар ауруханада алғашқы медициналық көмек көрсетті", - делінген жазбада.

Сондай-ақ, автор ит шабуылынан өздері ғана зардап шекпегенін айтты. Оның айтуынша, ит 20 жас шамасындағы жігіттерге де шабуыл жасаған.

"Олар ауруханаға біз болған кезде келді. Ит көлікке секіріп, әйнегін сындырған. Шамасы, иттің иесі айғайды естіп, қашып кеткен. Біз оны да, итті де тапқымыз келеді. Ол тағы да шабуыл жасауы мүмкін. Бұл жазасыз қалмауы керек", - деп қосты жазба авторы.

Қарағанды ​​облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, осыған дейін ауданда ит тістегені туралы шағымдар болмаған.

"20 шілдеде сағат 00.10 шамасында Степной-4 ықшамауданы 15/2 үй маңында ит қаланың кәмелетке толмаған тұрғынын тістеп алған. Салдарынан кәмелетке толмаған бала медициналық көмекке жүгінген. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Жануардың иесін жауапқа тарту үшін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro