22 шілде 2021 | 10:12

Қарағандыда 1,5 миллиард теңгеге салынған мектеп балаларға қауіпті болып шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: аstanatv.kz Фото: аstanatv.kz

Қарағандыда көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп қирай бастады. Ғимарат қисайып, қабырғалары сөгілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп қирай бастады. Ғимарат қисайып, қабырғалары сөгілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметі бойынша, жақында ғана салынған мектепке тіпті жақындауға тыйым салынған.

Нысан құрылысына 1,5 миллиард теңге жұмсалған. Тегін қайта жөндеудің кепілдік мерзімі аяқталғаннан кейін ғимараттың іргесі сөгіліп, қисайып, бетонның қорғаныш қабаты құлап қалған.

"Ғимараттың шатыры қауіпті жағдайда. Онда спорт залы, акт залы, сыныптар және жатын корпус бар. Ол қисайып кетті. Балалардың және барлық қызметкердің өміріне қауіп төндіреді", - деді Қарағанды облысы білім басқармасының бас маманы Людмила Гавриленко.

Құрылысшыларға айыппұл салу жоспарланған, өйткені заң бойынша оларды жөндеу жұмыстарын жүргізуге міндеттей алмайды.

Мектеп басшылығы 100 оқушы мен 113 мұғалімге арналған жаңа ғимарат іздеп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети