Қарағандыда 6 көлік соқтығысып, бір адам қаза болған жол апаты: кәсіпкер қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Қарағандыда алты көлік соқтығысқан жантүршілік жол апатына себепкер Lexus жүргізушісі екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда алты көлік соқтығысқан жантүршілік жол апатына себепкер Lexus жүргізушісі екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

4 қыркүйекте Қарағанды ​​мамандандырылған тергеу сотында күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Бұған дейін полицейлер жергілікті кәсіпкер Сергей Камаевты ұстады, оған қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет" бойынша соталды тергеу басталды.

"Сергей Васильевич Камаевқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына екі ай мерзімге рұқсат етілсін. Қамауда ұстау мерзімі 2024 жылғы 2 қыркүйектен 2 қарашаға дейін есептелсін. Бұл қаулыға процеске қатысушылар үш тәулік ішінде шағымдана алады", - деп мәлімдеді Қарағанды мамандандырылған тергеу сотының судьясылан Сексенов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети