15 маусым 2016 09:32

Қарағандыда "Абзал" сауда үйінің аумағы қоршауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Куәгер жолдаған сурет © Куәгер жолдаған сурет

Қарағандыда күмәнді сөмке үшін "Абзал" сауда үйінің аумағы қоршауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда күмәнді сөмке үшін "Абзал" сауда үйінің аумағы қоршауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұқар жырау даңғылындағы күмәнді сөмке туралы хабарлама қаланың барлық жедел қызметтеріне түскен. Куәгерлер оқиға орнынан жедел жәрдем көліктері мен басқа да ведомстволардың көліктері көрініп тұрған суреттерді жіберді.


Куәгер жолдаған сурет

Облыстың ішкі істер департаментіндегілердің айтуынша, сауда үйдің ауласы бұған дейін қоршауға алынған. Бірақ көше бойындағы қозғалыс тоқтатылмаған. "112 номеріне "Абзал" ауданындағы күмәнді сөмке туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына жедел қызметтегілер келді. Әскери-инженерлік қызметкерлер сөмкені қарап шықты, бірақ онда ештеңе таппады. Жедел қызметтегілердің жұмысын тоқтаттық", - деді Қарағанды облысы баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Сонымен қатар, оның айтуынша, бұл жолы кішігірім аумақты ғана қоршауға алған. Адамдарды қауіпсіз жерге көшірген жоқ.

Еске салайық, Қарағандыда орталық әмбебап дүкені қоршауға алынған болатын. Болжам бойынша, олар сауда орталығының ғимаратынан жарылғыш зат іздеген. Ғимаратта жарылғыш зат табылмады. Облыстық ІІД баспасөз хатшысы Бақытжат Құдияровтың айтуынша, 19.45-те "102" пультіне сауда орталығында жарылғыш заттың бар екендігі жайлы хабар келіп түскен. Оқиға орнына келген полицейлер жарылғыш зат таппады, 500 адам эвакуацияланды. 20.45-те қозғалыс қайта қалпына келтірілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети