17 тамыз 2017 | 11:11

Қарағандыда әкесі өз қызын пышақтаған: Анасы мән-жайды айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kurer-sreda.ru © kurer-sreda.ru

Әкесінің қолынан пышақ жарақатын алған бес жастағы қыздың анасы оқиғаны мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Әкесінің қолынан пышақ жарақатын алған бес жастағы қыздың анасы оқиғаны мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жақында Қарағандыда бес жастағы қызына пышақ ала жүгірген өгей әке туралы жаңалық елді дүр сілкіндірген болатын. Қыздың бірнеше жарақат алып, ауруханаға жеткізілгені айтылған. Tengrinews.kz тілшісі қыздың анасымен хабарласа алды. 

Әйелдің сөзінше, оқиғадан бері бес күн өткен. Қазір қыздың жағдайы жақсарды, алайда, әлі де ауруханада жатыр. Негізінен отбасы Қарағандыда емес, Ресейде тұрады екен. Ал пышақ ала жүгірген ер адам өгей әкесі емес, қыздың туған әкесі болып шықты. Қыз бен әкесі Қарағандыға туысқандарына келген екен. 

"Әкесі екеуі осында жүрді, мен Ресейде, үйде қалдым. Олар мұнда жыл сайын қонаққа келеді. Болған жайтты ести сала келдім. БАҚ-та жазылғандай емес, ол туған әкесі. Некедеміз, ажыраспағанбыз. Қазір күйеуім ауруханада емес, тергеу абақтысында. Көрісуге рұқсат бермеді. Ненің қалай болғанын да білмеймін. Ол қызының қасында менен көп болды, қызына көп уақыт бөлетін. Мен үнемі жұмыстамын, ол қызымен үйде болатын. Ешқашан қаталдық танытқан емес. Қызымның да айтып отырғаны әртүрлі. Біресе былай, біресе олай. Сондықтан одан көп сұрағым да келмейді. Қазір оған психолог көмектесіп жатыр", - дейді қыздың анасы. 

Полицейлер әйелге күйеуінің қызды пышақтағанын мойындағанын айтады. Алайда ол бұл сөзге сене алмай отыр және еш қиюластыра алмайды. 

Мұның алдында ер адам бес жастағы қызын пышақтап, өзіне қол салмақ болғаны хабарланған. Қыз да, әкесі де ауруханаға жеткізілген. Бұл дерек бойынша "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети