Қарағандыда асфальт опырылды

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда асфальт опырылды Видео кадры

Қарағандыда кәрізге жақын жерде асфальт опырылды. Оқиға болған жер уақытша жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда кәрізге жақын жерде асфальт опырылды. Оқиға болған жер уақытша жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Асфальт 21 шілдеге қараған түні 16-шағынаудандағы Майлин  мен Өркен көшелерінің қиылысында болған. Опырылған жерде тереңдігі үш метр, ені екі метр шұңқыр пайда болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.

"Қарағанды ​​Су" ЖШС мәліметінше, апат болған жерге жедел топ аттанған.

"21 шілдеге қараған түні 16-ықшамаудандағы Майлин көшесінде "Қарағанды ​​Су" ЖШС-нің кәріз коллекторында асфальт опырылып, төтенше жағдай болды. Оқиға орнына дереу бригада барды, олар қоршаулар мен белгілер қойып, кезекшілікте болды", - деді "Қарағанды ​​Су" ЖШС өкілдері.

Бүгін таңертең коммуналдық қызмет бригадасы ақауды жою үшін кәріз жүйесіндегі апаттық жұмыстарды бастады. Компания алдағы уақытта асфальт төсеніштері қалпына келтірілетінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети