12 сәуір 2017 14:45

Қарағандыда асфальт опырылып, автобус шұңқырға түсіп кетті

Куәгерлер жолдаған сурет

Қарағандыда № 31 бағыттағы автобус "Кольцевая" аялдамасының маңында асфальттың астына түсіп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда № 31 бағыттағы автобус "Кольцевая" аялдамасының маңында асфальттың астына түсіп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Таңертең біз маршрут бойынша келе жатқанда жолдың шетінде көлік тұрды. Ол да сол жерде асфальттың астына түсіп кете жаздаған сияқты. Мен оны айналып өтпек болып, сол жақпен жүре бастадым, бірақ бір сәтте асфальттың опырылып бара жатқанын сездім. Автобусты 4 сағат бойы шығардық. Шұңқырда кәріз құбырлары болған", - дейді автобус жүргізушісі Алтынбек Оралов.

Реклама
Реклама

Алтынбек Оралов бес жыл бойы жүргізуші болып жұмыс істейді екен. 13-ықшамаудандағы жолдың нашар екенін айтып өтті. Оның айтуынша, бұл көше өткен жылы жөндеуден өткен, алайда қазіргі уақытта оған сену қиын болып тұр.

"Кімнің кінәлі екенін анықтайтын боламыз. Жолды жөндеген компания сапасыз асфальт төсеген болуы мүмкін. Сондай-ақ, осында жер жұмыстарын жүргізген қызметкерлер де кінәлі болуы мүмкін", - деді қалалық Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөліміндегілер.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram