Қарағандыда аяқкиім жөндейтін шеберханадан екі адам өлі табылды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда аяқкиім жөндейтін шеберханадан екі адам өлі табылды

Қарағандыда өрт кезінде аяқкиім жөндейтін шағын шеберханадан екі адам өлі табылды. Облыстық ТЖД қызметкерлері мән-жайды анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда өрт кезінде аяқкиім жөндейтін шағын шеберханадан екі адам өлі табылды. Облыстық ТЖД қызметкерлері мән-жайды анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

10 ақпанда түнде аяқкиім жөндеу шеберханасы ретінде пайдаланылған Сатыбалдин көшесіндегі шағын контейнерде өрт шыққан. Куәгерлер өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалған. Олар жанып жатқан бөлмеден екі адамның денесін тапты.

"Сатыбалдин көшесіндегі бөлек тұрған контейнер, яғни аяқкиім жөндейтін шеберхананың ішкі ағаш қаптамасы жанған. Жалпы ауданы 4 шаршы метр болады. Өртке қарсы қызметкерлер келгенге дейін шеберханадан екі адамның денесі шығарылды. Олар - 1980 жылғы ер адам мен 1981 жылғы әйел", - деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

Ведомство қызметкерлері өлімнің мән-жайын және өрттің шығу себебін анықтап жатыр. Қайтыс болғандар түнде шеберханада не істегені әлі белгісіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети