Комиссия Қарағанды облысында 14 баланың белгісіз заттан уланып, оның екеуі қаза болған балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы тексеруді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Патриот" Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Комиссия Қарағанды облысында 14 баланың белгісіз заттан уланып, оның екеуі қаза болған балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы тексеруді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Патриот" Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Комиссия мүшесі болған дереккөз "Патриотқа" орталықтағы тексеру қорытындыларын хабарлаған. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов төрағалық еткен комиссия балалардың тұру жағдайларын: төсек-орын, заттар, бос уақытты өткізу, медициналық көмек көрсету сапасы, өрт қауіпсіздігі және тамақтандыруды тексерген.
"Комиссия құрамына кірген санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері тамақтандыру бөлімінде заңбұзушылықтарды анықтады - ол жерден жәндіктер табылған. Сонымен қатар, ауыз су балалар жуынып және таңғы гигиеналық процедураларды орындайтын жуынатын бөлмеде болған. Бұл санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік ережелеріне қайшы", – деді комиссия мүшесі.
Орталықта өрт қауіпсіздігінің бұзылуы да анықталды: кейбір сымдар оқшауланбаған. Розеткалар қауіпті жерлерде орналасқан.
Комиссия балаларға арналған төсек-орынның дұрыс бөлінбегенін анықтады.
"Норма бар – баланың жүру-тұру жағдайына қарамастан, балаларды киім-кешекпен және төсек-орынмен бірдей мөлшерде қамтамасыз ету. Тек денсаулығына байланысты жатқан баланы төсек қажеттіліктерімен қамтамасыз ету нормасы басқаша болуы керек. Мұндай балаға төсеніштер мен жастық қаптарын жиі ауыстыру керек. Оған аяқ киім де, етік те керек емес. Сондықтан комиссия бұл мәселені тиісті министрлікке қоюды ұйғарды", - дейді дереккөз.
Сондай-ақ, комиссия балалар орталығында кадрлық ауыс-түйіс көп, бұл қалыпты жағдай емес деген қорытындыға келді. Дереккөздің айтуынша, жалақының аздығы мен қиын жұмыс жағдайына байланысты қызметкерлер жұмыстан шығып кетеді.
"Материалдар облыстық прокуратураға жіберілді. Қылмыстық істі тергеуді "Қарағанды облысының прокуратурасы" ММ-нің арнайы прокурорлар бөлімі жүргізіп жатыр. Балалардың улануы мен екі баланың өлімінің себептеріне келсек, қылмыстық іс аясында сот-медициналық сараптама әлі жүргізіліп жатыр", - деді комиссия мүшесі.
Қылмыстық іс аясында кешенді сот-медициналық сараптама әлі де жүргізіліп жатқаны атап өтілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!