Қарағандыда балалардың жаппай улануы: тағы бір бала қайтыс болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:instagram.com/pmsu_deti Фото:instagram.com/pmsu_deti

Қарағанды облысында уланған тағы бір бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысында уланған тағы бір бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, Қарағанды ауруханаларында арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығынан балалар емделуді жалғастырып жатыр. Алайда дәрігерлер қолынан келгеннің бәрін жасағанымен бір науқас қайтыс болған.

"Көпсалалы қалалық балалар ауруханасында болған 2012 жылы туған бала 28 тамызда қайтыс болды. Баланың жағдайы бастапқыда ауыр болған. Терапия тактикасы республикалық мамандармен үнемі талқыланып отырды. Өлімнің себебі - жүрек жеткіліксіздігі", - дейді әкімдік өкілдері.

Тағы бес бала жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы тұрақты ауыр.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бір бала қайтыс болғаны хабарланды.

Орталықта 30 шілдеде екі бала өзін нашар сезінген. Олар құсып, іші өткен. 31 шілдеде осы мекемедегі тағы 10 балада ұқсас белгілері бар дерт анықталып, ауруханаға жатқызылған.

Ауруханаға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев келген еді. Ол облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен және емдеуші дәрігерлермен жедел кеңес өткізді. Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Қылмыстық іс қозғалды және Қарағанды облысының арнайы прокурорлар басқармасына берілді. Ермағанбет Бөлекпаев тергеу нәтижесінде заңның барлық қатаңдығы бойынша жауапты тұлға анықталып, жазаланатынын атап өтті. Мекеме директорының міндетін атқарушы қызметінен шеттетілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer