01 маусым 2019 | 10:11

Қарағандыда батут аударылған саябақ басшыларына қатысты сотқа дейінгі іс қозғалды

Камила Долаева Журналист

Қарағанды қаласындағы бала өліміне себеп болған батут оқиғасы бойынша "Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасы" мекемесінің басшыларына қатысты сотқа дейінгі іс қозғалды, - деп хабарлайды Хабар 24 тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды қаласындағы бала өліміне себеп болған батут оқиғасы бойынша "Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасы" мекемесінің басшыларына қатысты сотқа дейінгі іс қозғалды, - деп хабарлайды Хабар 24 тілшісі.

Оларға балалар сауық нысанын заңсыз әрі талапқа сай орналастырмай, өз жұмысына салғырт қараған деген айып тағылып отыр. Еске салсақ, 25 мамырда қатты жел саябақтағы батутты ұшырып әкетіп, бір бала мерт болған еді. Тағы екі жеткіншек ауыр жарақатпен ауруханаға түскен.

Реклама
Реклама

"Департамент тарапынан сотқа дейінгі іс қозғалып, қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 371 бабының 2-ші бөліміне сәйкес қызметіне немқұрайлы қараған тұлғалар 4 мың айлық есептік көрсеткіші көлемінде айыппұл төлейді немесе мың сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылуы мүмкін. Сондай-ақ, заңда 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған", - дейді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басқарма басшысының орынбасары Александр Иксанов.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная