Қарағандыда үйдің кіреберісінде орналасқан күнқағардың бетон плитасы бес жасар баланың үстіне құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі куәгерлерге сілтеме жасап.
Қарағандыда үйдің кіреберісінде орналасқан күнқағардың бетон плитасы бес жасар баланың үстіне құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі куәгерлерге сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 24 шілдеде Майқұдықта болды. Бес жасар Алдияр домофон басу үшін кіреберіске жақындай бергенде оған бетон плита құлап кетті. Бала қалалық ауруханаға жеткізілді, дегенмен ол алған жарақаттарынан қайтыс болды.
"Авитрек-регион" басылымының мәліметінше, оқиға болған бес қабатты үй ПИК-ке кірмейді. Үйдің тұрғындары шатыр, кіреберіс пен жертөлеге өздері қарау керек болған.
"Әкімдіктен келген комиссия үйдің ауласын тексерді. Олар кіреберіс пен аулаға өзіміз жауапты екенімізді айтты. Мен көрші үйде тұрамын. Біздің де күнқағар қозғалып тұр. Біз үйге кіруге, балалар үшін қорқамыз. Бізге де плита немесе күнқағар түсіп кетуі мүмкін ғой", - деді жергілікті тұрғын Айгүл.