21 қаңтар 2022 08:46

Қарағандыда бес көлік соқтығысты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram / dorogi_karagandy Instagram / dorogi_karagandy

Майқұдықтан шыға берісте бес жеңіл көлік соқтығысты. Салдарынан бір адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Майқұдықтан шыға берісте бес жеңіл көлік соқтығысты. Салдарынан бір адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаппай жол апатының кадрлары әлеуметтік желілерде таралып жатыр. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі Lada көлігінің 28 жастағы жүргізушісі жол апатына себепші болғанын растады.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші Карл Маркс көшесімен Майқұдық жағынан қалаға қарай бара жатып, қашықтық сақтамай, жолай келе жатқан Chevrolet-мен соқтығысқан. Chevrolet көлігінде 54 жастағы жүргізуші болған. Инерциямен Lada автокөлігі қарсы қозғалыс жолағына түсіп, тағы үш көлікпен соқтығысқан", - деп мәлімдеді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Жол апаты нәтижесінде Lada автокөлігінің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Барлық бес машина механикалық тұрғыдан зақымдалды. Бұл жайт полицияда тіркеліп, сараптамалар тағайындалды. Нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатыны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети