12 маусым 2024 12:33

Қарағандыда бұрынғы полицей өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қарағандыда ер адам өлі табылды. Ол оқ жарақатын алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда ер адам өлі табылды. Ол оқ жарақатын алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды ​​облыстық ПД баспасөз қызметі мәліметінше, ер адам 10 маусымда өлі табылған. Оның денесінде оқ жарақатының ізі болған. Облыстық полиция мәліметінше, ер адам өз-өзіне қол жұмсаған.

"Өз қаруынан атылып, өзіне қол жұмсаған 48 жастағы ер адамның денесі табылды. Бұл факт полицияда тіркелген. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі оқ марқұмның тіркелген қаруынан атылғанын айтты.

"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жарияланбайды", - деді Қарағанды ​​облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері.

Кейбір Telegram-арналар марқұмның құқық қорғау органдарында, оның ішінде Қарағанды ​​облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде жұмыс істегенін жазған. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа әзірге пікір берген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.66   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети