Қарағандыда екі бала токқа түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда екі бала токқа түсіп қалды Фото: © elements.envato.com

Қарағандыда екі жасөспірім теміржолда токқа түсіп қалды. Зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда екі жасөспірім теміржолда токқа түсіп қалды. Зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жазатайым оқиға Федоровка ауданындағы теміржолда болған. Алдын ала ақпарат бойынша, жасөспірімдер теміржол маңында жүрген және оны кесіп өтпек болған. Сол кезде теміржолда жүк пойызы тұрған. Олар бір жолды кесіп өткеннен кейін, екіншісінде вагонның астынан өтпек болған. Сол сәтте екеуін де ток ұрады. Олардың бірі есінен танып қалған, ал екіншісі көмек шақырған.

Есінен танып қалған зардап шегуші Қарағанды облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылған. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр. Бала реанимацияда жатыр. Ол комаға түскен. Екінші зардап шеккен жасөспірімнің жағдайы қанағаттанарлық, үйіне шығарылған.

Бұл дерек бойынша полиция желілік полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Федоровка ауданы мен жақын маңдағы "Большая Михайловка" станциясы тұрғындары бірнеше рет жаяу жүргіншілер өткелін салуды сұраған болатын. Алайда мұндай оқиға бірнеше рет болғанына қарамастан олар вагондардың астынан немесе жолды айналып өтуге мәжбүр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети