Қарағандыда екі жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда екі жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қарағандыда екі жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда екі жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға салдарынан бірнеше адам зардап шекті. Жол апаты болған жердегі видеолар әлеуметтік желілерде тарады.

Оның бірі Майқұдықтағы Магнитогорская көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, жолаушылар автобусы Mercedes-пен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жеңіл көлік қатты зақымданған.

Дәрігерлер зардап шеккен үш адамды ауруханаға жатқызды. Mercedes жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ, автобус жолаушыларының бірі жарақат алған. Бұл дерек тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

"Алдын ала мәліметтер бойынша 21 наурызда Қазақстанның 50 жылдығы көшесімен келе жатқан автобустың 47 жастағы жүргізушісі Магнитогорская көшесіндегі бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп, 29 жастағы жүргізуші тізгіндеген Mercedes көлігімен соқтығысқан", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от NEWS Karaganda-Ulytau (@newskor.krg)

Екінші жол апаты Қарағандының оңтүстік-шығысындағы Құрылысшылар даңғылында болды. Видеоға қарағанда, автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, тұрғын үйдің маңында тұрған көліктерге соқтығысқан. Полиция автобус жүргізушісі рөлде отырғанда ауырғанын мәлімдеді.

"Yutong автобусының 57 жастағы жүргізушісі жағдайы күрт нашарлауына байланысты Chevrolet және Toyota көліктерімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан автобус жүргізушісі мен 17 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Көліктер зақымданды. Бұл дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", - деді ведомство өкілі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ekaraganda.kz Караганда (@ekaraganda.kz)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети