Қарағандыда екі көлік бетпе-бет соқтығысып, жеті адам өртеніп кетті деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қарағандыда екі көлік бетпе-бет соқтығысып, жеті адам өртеніп кетті деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қарағанды-Балқаш трассасымен Шет ауданын басып өткен аты-жөні әлі анықталып үлгермеген BMW көлігінің жүргізушісі жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, Mercedes Benz көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан екі көлік те түгі қалмай жанып кетті.
"Полицейлер екі көліктен жеті адамның өлі денесін алып шыққан. Алтауы машина ішінде өртеніп кетсе, бір ер адамның денесі жанған көліктен жырақта жатқан. Алты адамның денесі бірдей түгі қалмай жанып кеткен, сондықтан олардың жынысы мен жасын шамалап білу де мүмкін емес" дейді Tengrinews.kz тілшісіне үлкен көлік апатының куәсі болған кәсіпкер Анатолий Коновалов.
Қатты соққыдан BMW көлігі жолдың шетіне ұшып кеткен, ал Mercedes жол шетінде қалған.
"Жол бойында тысқары қарай ұшып кеткен көліктің доңғалақ іздері қалған, осыны негізге алған полицейлер қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен BMW көлігі болуы керек деп топшылайды" дейді Анатолий Коновалов.
Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметімен хабарласа алмадық. Шет ауданының әкімшілік полициясы бөлімшесіндегілер полициялардың қазіргі пайымы бойынша қарама-қарсы бағытқа шыққан BMW көлігі екендігін нақтылады.
"Көлік Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны атына тіркелген. Адамдардың аты-жөні анықталып жатыр" деді Шет ауданының әкімшілік полициясы бөлімшесіндегілер.