Қарағанды тұрғындары үшін ата-ана күні қайғылы жағдаймен аяқтала жаздады: 17 сәуірде белгісіз ер адам молада пышақпен әйел мен балаға шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағанды тұрғындары үшін ата-ана күні қайғылы жағдаймен аяқтала жаздады: 17 сәуірде белгісіз ер адам молада пышақпен әйел мен балаға шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ер адамды кездейсоқ куәгерлер тоқтатып, полиция келгенге дейін ұстап тұрған.
Әлеуметтік желі қолданушылары ер адамның әрекетіне "Моладағы маньяк" деген атау берген.
"Бүгін, 17 сәуірде, мен туыстарыммен Михайловский моласында әйел мен баланың айғайлаған дауысын естідім, - деп жазады олар Instagram желісінде. - Біз сол жаққа қарай жүгіріп бардық, ер адам әйел мен балаға шабуылдап, айғайлап жатты (...), біз оны ұстап қалдық. Әйел адам полиция шақырды, ол төбелесуге талпынды, балағаттады. Полиция келгенге дейін есірткісін лақытырп жіберді, қашып кетпекші де болды. Полицейлер дереу жетті, жарады. Келе салысымен олар тінту шараларын жүргізіп, 30 сантиметрлік пышақ тапты. Ол біреуді өлтірмекші болып шыққаны анық".
Кейінірек полицейлер ер адамның психикалық ауытқуы бар екенін және соның салдарынан агрессияға түрткі болғанын анықтады.
"45 жастағы ер адам молада болып, таяуда қайтыс болған анасының қабірін тазалап жатқан. Осы кезде ол белгісіз әйелмен жанжалдасып қалған. Оқиға орнына полиция жеткен. Әйел адам осы дерекке қатысты арызданған жоқ. Полиция осы ер адаммен профилактикалық әңгіме құрды. Оның қалтасы есірткі заттары толы болды деген мәлімет расталған жоқ", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.