07 маусым 2018 | 13:12

Қарағандыда ер адам өзін ҰҚКД қызметкері ретінде таныстырып, қызды тонап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Қарағандыда ер адам өзін ҰҚКД-де жұмыс істеймін деп қызбен танысып, оны тонап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда ер адам өзін ҰҚКД-де жұмыс істеймін деп қызбен танысып, оны тонап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сотталушы әлеуметтік желі арқылы жәбірленушімен танысып, сенімді теріс пайдалану жолымен және бөтеннің мүлкін алдау арқылы жымқыру туралы қылмыстық ойға келген. Ол тұтынушыларға тауарлық несие беру кезінде салық төлеуден жалтаратын екінші деңгейдегі банктерді тексерумен айналысатын ҚР ҰҚКД қызметкері болып танысады. Берілген мән-жайларды ашу үшін оған нәтижеге қол жеткізгеннен кейін және іс қозғалған соң жеті күн ішінде жойылатын тауарлық несие алуға көмек қажет болады. Ары қарай, жәбірленушінің атына Iphone маркалы телефонының әр-түрлі модификацияларын жәбірленушінің атына банктерден тауарлы несиелер рәсімдеген", - деп хабарлады соттағылар.

Осылай, сотталушы билік өкілі атағын өз бетімен иемденіп, жәбірленушіні қателікке апарып, оның мүліктерін иемденіп өз бетінше қолданған. Өзінің қылмыстық іс-әрекеттерімен жәбірленушіге барлық соммасы 830 490 теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

Сот үкімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 390-бабының 2-бөлігі ("Билік өкiлiнiң немесе жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетiмен иемденіп алу"), 190-бабының 1-бөлігі ("Алаяқтық") қылмыстарды жасады деп танылды.

"Сондай-ақ, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 2-бөлігіне сәйкес, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы жазасын түпкілікті өтеуге кедендік бақылаумен 2 жылға бас бостандығынан шегеруге жазаланды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети