05 шілде 2017 | 10:33

Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды: Әйелді жаяу жүргіншілерге арналған жолда қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыдағы "Таир" сауда үйіне қарама-қарсы жерде жантүршігерлік жол апаты болды. Машина әйелді жаяу жүргіншілерге арналған жолда қағып кеткен. Зардап шеккен әйел Мақажанов атындағы клиникаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыдағы "Таир" сауда үйіне қарама-қарсы жерде жантүршігерлік жол апаты болды. Машина әйелді жаяу жүргіншілерге арналған жолда қағып кеткен. Зардап шеккен әйел Мақажанов атындағы клиникаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 3 шілдеде шамамен сағат 17.30-да болған.

"Көлік тізгінінде 1981 жылғы ер адам отырған. Ол жаяу жүргіншілерді өткізіп тұрған. Бірақ соңғы болып өтіп жатқан әйелді ол байқамай қалған. Жүргізуші өз кінәсін мойындап отыр. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") тіркелді", - деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.

Зардап шеккен әйелдің жағдайы әзірше белгісіз.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети