Қарағандыда жедел жәрдем автокөлігі мен автобус бетпе-бет соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағандыда жедел жәрдем автокөлігі мен автобус бетпе-бет соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы Октябрь ауданындағы Майқұдық ықшамауданында болды. Көліктердің бетпе-бет соғылуынан "Жедел медициналық жәрдем" кәсіпорнының екі қызметкері зардап шекті. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға № 40 бағыттағы автобустың жүргізушісі кінәлі.
"Біздің жүргізуші мен фельдшер шақыру бойынша кетіп бара жатты. Олар жол қозғалысы ережелерін бұзған жоқ, жылдамдықты асырмады. Жол-көлік оқиғасынан олар түрлі жарақат алды, қазір облыстық медициналық орталықта жатыр. Әкімшілік полиция басқармасы айтқан алдын ала мәлімет бойынша, YUTONG маркалы автобустың 29 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлікті қарама-қарсы бағытқа шығарып жіберген", - деп хабарлады "Жедел медициналық жәрдем" станциясының диспетчерлік қызметі.
Қазір тергеуалды тексеріс жүріп жатыр. Полицейлер оқиғаның нақты себебін анықтайды.