Қарағандыда жолаушылар автобусы аударылып қалды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер қала аудандарының бірінде болған жол апатының жай-жапсарын айтып берді.

Жол апаты Қарағандының октябрь ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, рейстік жолаушылар автобусының жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған. "Автобус жолдың шетіндегі жыраға түсіп кетті. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 56 жастағы жолаушы әйел алған жарақаттарынан көз жұмды, жүргізуші мен екі жолаушы ауруханаға жеткізілді", - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Айта кетейік, жол апаты болған кезде автобус салонында 17 жолаушы отырған. Жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалды.