28 шілде 2014 | 14:33

Қарағандыда жолаушылар автобусы жолдан ауып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Nv.kz ©Nv.kz

Қарағандыда жолаушылар автобусы жолдан ауып кетті, - деп хабарлайды NV.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда жолаушылар автобусы жолдан ауып кетті, - деп хабарлайды NV.kz.

Жол-көлік оқиғасы 27 шілде күні кешкісін болды. №165 бағыттағы жолаушылар автобусы жолдан тайып кетіп қисайып, адамдар зардап шекті. Зардап шеккендердің қанша адам екені белгісіз. №3 автопарк өкілдері ешкімнің қаза таппағанын, жолаушылардың жеңіл жарақат алғанын хабарлады. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр, алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші ылғал жолда рульге ие бола алмай қалған.

Бұған дейін Шымкентте автобус аударылып, 15-ке жуық адам зардап шеккен болатын. Ауруханаға 13 адам түсті, олар орташа ауыр деңгейде жарақат алған. Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасына автобус тежегішінің істен шығуы себеп. Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті мамандары автобус жүргізушісінің көлік жүргізу құқығынан айырылатынын хабарлады, сонымен бірге, ол 15 тәулікке қамалады. Жарамсыз көлікті жұмысқа шығарған автопарк қызметкерлері де жауапқа тартылуы мүмкін.  

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети