10 маусым 2015 | 15:22

Қарағандыда қоғамдық көлік жүргізушісі марихуана шегіп, тізгінге отырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©nv.kz ©nv.kz

Қарағандыда қоғамдық көлік жүргізушісі марихуана шегіп, тізгінге отырған. Ол бұл іске жұмысының ауырлығынан және алкогольді ішімдікті ішуге болмайтындықтан барғанын түсіндірді, - деп хабарлайды NV.kz басылымы.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда қоғамдық көлік жүргізушісі марихуана шегіп, тізгінге отырған. Ол бұл іске жұмысының ауырлығынан және алкогольді ішімдікті ішуге болмайтындықтан барғанын түсіндірді, - деп хабарлайды NV.kz басылымы.

Басылымның мәліметінше, тәртіп сақшылары №29 бағыттағы микроавтобуспен марихуананың уытына мас күйде адам тасымалдаған жүргізушіні ұстады. Оның жаяу жүргінші жолында зейнеткерге жол бермей, өте шыққаны үшін тоқтатылғаны белгілі болды. "608-бап - "Есірткі затына мас күйде автобусты жүргізу" бойынша хаттама толтырып жатырмыз. Жүргізуші - 1972 жылғы Владимир Лукашенко деген азамат, "Экспресс" ЖШС-на тиесілі Shaolin маркалы автобусты жүргізген. №29 бағыттағы автобус. Сонымен қатар, 600-бабы бойынша ("Жаяу жүргіншіге жол бермеу") хаттама толтырылды", - деді құқық қорғау органының өкілдері. БАҚ мәліметінше, автобус жүргізушісі наркодиспансерге жеткізілген. Онда жүргізушінің қанынан марихуана ізі табылған.  

Ер адам өзінің есірткіге мас болғанын мойындады. Бірақ тек жұмыстан кейін қолданғанын жеткізді. "Мен жағдайды түсіндірейін. Адамдарды осы бағытта өткен жылдан бері тасып жүрмін. Бір де бір заңбұзушылық болған жоқ. Бізде мас болмаса да жол-көлік оқиғасын жасайтын жүргізушілер көп, қалай болса солай жүреді. Менің автобусыма 50 адам кіреді, мен әрқайсысының өмірі үшін жауапкершілік аламын. Мен марихуананы ішімдік ішуге болмайтындықтан қолданамын. Аптасына бес күн жұмыс істеймін. Себебі бір күнді осы "қытай" үшін жұмсаймын. Жөндеуім керек, көлікті бақылаумен айналысуым керек. Себебі мен тасымалдайтын адамдардың өміріне жауапкершілік аламын. Мен адамдардың өмірімен ойнамаймын", - деді ол.

Ал полицейлер бұл жүргізушінің есірткіге өле мас күйде тізгінге отырған жалғыз құқықбұзушы емес екенін айтты. Өткен аптаның ішінде төрт адам ұсталыпты. Айта кетейік, Лукашенкоға алып қойған куәлігінің орнына уақытша куәлік берілді. Бұл арқылы жүргізуші өз жұмысын сол күні-ақ жалғастырды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети