Қарағандыда көлік асқан жылдамдықпен жаяу жүргіншілерді қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда көлік асқан жылдамдықпен жаяу жүргіншілерді қағып кетті видео кадры

Қарағандыда жеңіл көлік асқан жылдамдықпен жаяу жүргіншілер жолына шығып кетіп, екі адамды қақты. Олардың бірі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда жеңіл көлік асқан жылдамдықпен жаяу жүргіншілер жолына шығып кетіп, екі адамды қақты. Олардың бірі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы түнгі уақытта болған.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті мәліметінше, Audi маркалы көлік жүргізушісі Бұқар жырау даңғылы бойымен Дүйсенбеков көшесіне қарай келе жатып, жылдамдықты асырып, тізгінге ие бола алмай, жаяу жүргіншілерді қағып кеткен.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды. Ал екінші жаяу жүргінші, сондай-ақ көлік жүргізушісі мен жолаушы түрлі жарақаттармен облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети