13 ақпан 2020 09:06

Қарағандыда мас ер адам жалаңаш күйде үйдің шатырына шығып алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Қарағандыда мас ер адам көпқабатты үйдің төбесіне шығып алып, аязда жарты сағат отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда мас ер адам көпқабатты үйдің төбесіне шығып алып, аязда жарты сағат отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шешініп тастаған ер адамды көрші үйдің тұрғындары байқаған. Ол шатырдың шетінде отырып, құлап кетуге шақ қалған. Алайда оқиға орнына жеткен полицейлер оны құтқарған. Олар шатырға шығып, ер адамды қауіпті жерден түсуге көндірген. Полицейлер қауіпсіздік белбеуін тақпай, өз өмірін де қауіпке байлаған.

Тәртіп сақшыларының ерлігін куәгерлер видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желілерде таратқан. Видео бір сағатта бірнеше мың қаралым жинап, жұрт олардың батырлығына таңғалғанын жазып жатыр. Көпшілігі мұндай ерліктің қауіпті екенін жазған.

"Шатырдағы адам туралы дабыл 12 ақпан күні кешке 102 телефонына келіп түсті. Оқиға орнына қатардағы жауынгер Дамир Оразов пен стажер Тимур Сұлтанғазы жіберген. Олар 31 жастағы ер адамды шатырдан түсіріп алды. Одан кейін олар оны дәрігерлердің қолына тапсырды", - деп хабарлады Қарағанды облысы ЖП баспасөз қызметі.

Оқиға орнына келген дәрігерлер ер адамның мас болғанын анықтған. Сондай-ақ, ер адамның қол-аяғы үсіп қалғаны белгілі болған.

"Ер адам таяуда отбасымен жандалдасып қалғаны анықталды. Жалаңаш отырған себебі белгісіз", - дейді куәгерлер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети