26 желтоқсан 2019 | 10:08

Қарағандыда мас күйдегі Mercedes жүргізушісі алты көлікті қиратты

Қарағандыда Mercedes жүргізушісі алты көлікті қиратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, жол апаты кезінде 26 жастағы жүргізуші мас болған. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда Mercedes жүргізушісі алты көлікті қиратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, жол апаты кезінде 26 жастағы жүргізуші мас болған. 

Оқиға Құрылысшылар даңғылының бойындағы үйлердің бірінің тұрағында болған. Mercedes асқан жылдамдықпен кезек-кезегімен алты автокөлікті соққан. Соқтығысу салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы зардап шеккен жоқ. Автокөлік қатты бүлінген. 

Реклама
Реклама

"Шамамен түнгі 2:30-да жүргізуші тұрақ қоршауын бұзып өтіп, сонда тұрған көліктерге соқтығысқан. Алдын ала полиция мәліметі бойынша, жол апаты кезінде 26 жастағы жүргізуші мас болған", - делінген Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Осы дерекке қатысты тергеу басталды, құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, қажетті сараптамалар тағайындалды. 

Еске салайық, Қарағандыда осыған ұқсас жол-көлік оқиғасы қазан айында болған. Lexus жүргізушісі мас күйде көлік тұрақта бес көлікті соғып, ұйықтап қалған. Оқиға туралы полицияға куәгерлер хабарлаған. ЖКО салдарынан екі адам зардап шекті: ер адам және әйел. Зардап шегуші ауыр халде ауруханаға жатқызылып, кейін ауруханада қайтыс болды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная