06 қараша 2019 12:57

Lexus көлігінің мас жүргізушісі бес көлікті қиратты: зардап шеккен қыз қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда ауруханада жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен қыз қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қарағандыда ауруханада жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен қыз қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Степной-4-те жол апатынан зардап шеккен әйел бүгін таңғы төрт шамасында қайтыс болды. Ол профессор Х. Мақажанов атындағы клиниканың жансақтау бөлімінде жатты", - деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері. 

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен екінші адам ауруханада қаралғаннан кейін, жатудан бас тартқан. 

Айта кетейік, оқиға 20 қазанда Степной-4 ықшамауданында болған. Lexus тізгінінде болған ер адам мас күйде көпқабатты үйдің алдында тұрақта тұрған бес автокөлікті қиратқан. Жол апаты салдарынан 25 жастағы жігіт пен 29 жастағы қыз ауруханаға түскен еді.  

Сот санкциясымен жүргізуші екі айға қамалды. Полициядан алып кетпекші болған екі ер адам да қамауға алынды - үш және бес тәулікке. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети