Қарағандыда JAC маркалы шағын автобус өртенді. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары хабарлады.
Қарағандыда JAC маркалы шағын автобус өртенді. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары хабарлады.
Құтқарушылардың мәліметінше, қаладағы 13-бағытқа қызмет көрсеткен қоғамдық көлік 24 қараша күні №3 гимназия ауданында - Бейбітшілік гүлзарында келе жатқанда өртенген. Құтқару қызметіне хабар 13.25-те келіп түсті. "Өртті 13.37-де сөндірдік", - деп хабарлады баспасөз қызметі. Төтенше оқиға кезінде автобуста он адам болды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр. Тиісті сараптаманың қорытындысы ертең шығарылады.
Еске сала кетейік, мұның алдында Маңғыстау облысында Қырғызстан әртістері мінген шағын автобус жол-көлік оқиғасына ұшыраған еді. Жол апаты 17 тамызға қараған түні Жетібай - Құрық автожолында болды. Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Әлия Шермағанбетованың мәліметінше, "ГАЗель" шағын автобусының жүргізушісі тас жолда келе жатып, рульде қалғып кеткен. Автокөлік аударылып, салондағы 13 әртістің алтауы жарақат алды.
Ал мұның алдында - 2013 жылдың 23 желтоқсанында Павлодарда "Жолаушылар көлігі альянсы" ЖШС жылу боксында Hyundai шағын автобусы мен бес "ГАЗель" өртеніп кеткен болатын. Оқиға салдарынан бір адам зардап шекті.