19 желтоқсан 2014 | 12:57

Қарағандыда өрт сөндірушілердің бірі жол апатынан қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото pavlodarnews.kz сайтынан Фото pavlodarnews.kz сайтынан

Қарағандыда өрт сөндірушілер экипажы жұмыс кезінде жол-көлік апатына ұшырап, бір адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда өрт сөндірушілер экипажы жұмыс кезінде жол-көлік апатына ұшырап, бір адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаментінің УАЗ-ы Mercedes Benz автокөлігімен Майқұдық ықшамауданындағы Мамраев көшесінде соқтығысқан. Тергеудің алдын ала мәліметтері бойынша, Қарағандыдағы жол-көлік оқиғасы неміс автокөлігін басқарған 22 жастағы жігіттің жолда жүру ережесін бұзғанынан болған, ол қызметтік көлікке жол бермеген.

"Біз оқиға орнына келгенде екі көлік те аударылып жатты. Үш өрт сөндірушінің үшеуі де зардап шекті. Олардың біреуі, өртке қарсы қызмет басқармасының 51 жастағы прапорщигі ауруханаға жеткен соң қайтыс болды. Өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі және апаттан құтқару қызметінің қалған екі маманы дене жарақаттарын алды", - дейді Жедел медициналық жәрдем станциясының мамандары.

Облыстық медициналық орталыққа Mercedes Benz көлігінің жүргізушісі де жеткізілді. Оқиға орнында жұмыс істеген Қарағанды әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды.  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети